Смирновтық өрт сөндіруші 23 тонналық жүк вагонын өз күшімен орнынан қозғады
Кәсіби мереке – Құтқарушылар күні және Республика күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің физикалық мүмкіндігін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болды. Смирнов ауылындағы өрт сөндіруші жұртты таң қалдыруды жөн көрді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өрт сөндіру көлігінің арқанымен сүйреу, күш жаттығулары, автобаспалдақтағы жаттығулар. Бір өрт сөндіру бекетінен екіншісіне дейін қызметкерлер эстафета өткізді. Кезек Смирново ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің мамандарына келді. Олар барлығын таң қалдырды. Парсахан Алдияров 23 тонналық жүк вагонын өзі сүйреуге бел буды. №9 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері мен Смирново кентіндегі элеватор жұмысшылары бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Өрт сөндіруші Парсахан Алдияров астық тасымалдауға арналған вагонға және өзіне сүйреткіш арқанды байлады.
«Мен өрт сөндіру бөліміне жақында келдім, өзімді нағыз ер адамның жұмысында сынағым келді. Элеваторда жұмыс істедім, кейде әріптестеріммен бірге бункерлерді осылай жылжытуға тура келді. Бірақ ешқашан жалғыз сүйремегем. Өте қиын болды, мойындаймын. Барлық күш-жігерімді салуға тура келді. Өртеніп жатқан үйдің табалдырығын аттағандай алғашқы қадамды жасау өте маңызды. Мен тіпті қайсысы қиын екенін айта алмаймын», – деді Парсахан.
Парсахан Алдияров әріптестерінің арасында құрметке ие, қиын-қыстау кезде де оған арқа сүйеуге болады. Ауысымнан кейін үйіне асығады, оны Назгүл есімді әйелі мен 3 жасар Айдос пен 5 айлық Айдын күтеді. Отбасы мен әріптестердің қолдауы азаматты биік шындарға, Гиннес рекордттар кітабына жетелеуде.
Салмағы 23 тоннадан асатын бункерді 30 метрге дейін сүйреу бұл оңай емес. Бұл сіздің қолыңыздан келе ме?