3200 солтүстікқазақстандық «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқудан өтті
Солтүстік Қазақстан облысында 3200 адам «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқудан өтті. Оқу курстары Петропавл қаласынан бөлек, аудандарда да өтіп жатыр. Оқуды 4 бизнес-сарапшы өткізуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы Дмитрий Шледевицтің айтуына қарағанда, курстан өтіп жатқандар арасында түрлі жағдайға тап болған жандар жетерлік. Халықтың басым көпшілігі аса қажеті жоқ тауарлар мен қызметтерді де несиеге рәсімдейді екен. Несие алу – қазіргі таңдағы ең басты мәселенің бірі. Бұның алдын алу қажет. Сол үшін арнайы бастама қолға алынды.
«Консультацияда қиын жағдайға тап болған тұрғындарды анықтаймыз. Көп жағдайда азаматтар өз проблемаларымен банкке жүгінуге қорқады. Біз тұрғындарға мәселені бастапқы кезеңде шешу керектегін, қиын жағдайдан шығудың жолы бар екенін айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, жоба өз нәтижесін беріп жатыр.»,- деп атап өтті қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы Дмитрий Шледевиц.
Партия мүшелерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, екінші деңгейлі банктердің және заң консультанттарының қатысуымен өткен кеңесте «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. «Қарызсыз қоғам» жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Жоспар бойынша оқудан 5500 адам өтуі керек