Петропавлда Қазақстан киносы күндері өтеді
April 3, 2025 15:28

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қазақстандық киноны өңірлерде насихаттау бастамасын жалғастыруда. Осыған орай, Петропавлда алғаш рет Қазақстан киносының онкүндігі өтеді, деп хабарлайды QZ News.
Қазақстан киносы күндері 4 сәуір, жұма күні «Qyzyljar Creative Center»-де басталады. Іс-шара режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Патриоттар уақыты» фильмінің көрсетілімімен ашылады. Кино күндері аясында көрермендер Орталық түсірген «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Бауырына салу» сынды фильмдерді тамашалай алады.
Сонымен қатар, іс-шараға киноиндустрияның білікті мамандары қатысып, шеберлік сыныптарын өткізеді.
