Атақты солтүстікқазақстандық Василий Манзиді еске алуға арналған көрмеде 29 жұмыс ұсынылды
Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Мұғалімді еске алу» атты жеке мерейтойлық көрменің ашылуы өтті. Ол суретші, графикші, Әлем халықтарының өнері халықаралық қауымдастығының мүшесі, халық ағарту ісінің үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Василий Манзидің 90 жылдығына арналды. Ол 2017 жылы қайтыс болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Василий Манзи – Петропавл қаласында балалар көркемөнер мектебін құрудың бастауында тұрған жан, педагогикалық ұжымды басқарған, тәрбиеленушілерге акварель мен баспа графикасының негіздерін үйрететкен. Облыстық «Ленинское знамя» газетінің редакциясымен ынтымақтасқан. Педагогикалық колледжде бейнелеу өнерінен сабақ берген.
Көрнекті өнерпаздың еңбектері Канада, Германия, Израиль, Жаңа Зеландия және басқа да елдерде тұратын өнерсүйер қауымның жеке коллекцияларында бар. Петропавлдық суретшінің туындылары түрлі мұражайлардың қорларын толықтыру үшін бірнеше рет сатып алынған.
Василий Манзи газеттердегі, ұжымдық жинақтардағы сондай-ақ журналдардағы көптеген жарияланымдарымен танымал. Суретші изоновеллалар мен лирикалық миниатюралардың бірнеше жинағын шығарды. Ұзақ жылғы шығармашылық еңбегі үшін «Халық ағартуының үздігі» атағына ие болды, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі атанды.
Көрме экспозициясына суретші отбасының жеке жинағынан, сондай-ақ облыстық бейнелеу өнері мұражайының коллекциясынан алынған 29 кескіндеме және графика туындысы қойылды. Түрлі жылдары, негізінен пейзаж жанрында орындалған жұмыстар ұсынылды.