Облыстық филармония әртістері Бакуде өткен халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды
Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының солистері Асхат пен Динара Таушевтер Бакуде өткен VII халықаралық «World Harmony» байқауынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Байқауға әр елден өкілдер қатысты. Біздің әртістер қазылар алқасын кәсібилігімен, талантымен, харизмасымен және сұлулығымен тәнті етті. Фестивальдің Бас жүлдесін Динара Таушева жеңіп алса, Асхат Таушев 2-дәрежелі лауреат атанды», – деп жазды облыстық филармония Instagram желісіндегі жазбасында.