Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда 23 қарашаға дейін Айжан Колчинаның сән топтамасының фотокөрмесі жұмыс істейд

Петропавлда 23 қарашаға дейін Айжан Колчинаның сән топтамасының фотокөрмесі жұмыс істейд

20-23 қараша аралығында Петропавл тұрғындары мен қала қонақтары креативті орталықта «Kolchina Couture», «Misstress by Kolchina» брендтерінің иесі және дизайнері Айжан Колчинаның жеке көрмесінде ұсынылған туындыларды тамашалай алады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Көрменің жабық тұсаукесері бір ай бұрын пайдалануға берілген жаңа шығармашылық нысанның салтанатты ашылуында өтті. Одан кейін Айжан Колчина жоғары мәртебелі қонақтарға көрме туралы егжей-тегжейлі айтып,  тіккен киімдерін көрсетті.

«Мен 2023 жылы Париж сән апталығына апарған топтаманың фотокөрмесін дайындадым. Жинақ «Феникс» деп аталды. Бұл мен туралы, шығармашылық жолымдағы қиындықтар туралы көрме. Мен топтаманы ақ түспен қызыл түсті үйлестіре ұйымдастырдым. Менің сүйікті туындыларымның бірі – алтын феникс көйлегі. Бұл маған қайта өрлеу кезеңін еске түсіреді, оның үстіне мен оған макраме түріндегі заманауи ноталарды қостым», – дейді Айжан Колчина

Көрмеден дизайнердің  сәнді кешкі көйлектер топтамасын көрсететін көптеген фотосуреттерді көруге болады. Ол оның кейбірін өткен жылы Франция астанасында өткен сән апталығында сәнгерлердің назарына ұсынған.

 

Shares