Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда хормейстер Иван Коцыкты еске алуға арналған көрме ашылды

Петропавлда хормейстер Иван Коцыкты еске алуға арналған көрме ашылды

Облыстық өлкетану музейінде композитор, хормейстер, этнограф Иван Коцыктың құрметіне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды QZ News.

Көрмеде Иван Васильевичтің өмірі мен шығармашылығына қатысты фотосуреттер, құжаттар, басылымдар қойылған.

«Иван Васильевич Петропавлда тұрып, осы өңірдің мәдениеті мен музыкасына айтарлықтай үлес қосты. Белгілі композитор, этнограф және хормейстер, қазақ фольклорын зерттеуші – ол қазақ музыкалық театрының құрылуының бастауында тұрған тұлға. Сондай-ақ оның авторлығымен жазылған «Айман-Шолпан» және «Шұға» сияқты пьесалар да бар. Іс-шараны поляктардың «Коперник» мәдени орталығы және облыстық өлкетану музейі ұйыфмдастырған. Көрме екі ай жұмыс істейді»,- деді «СҚО Музей бірлестігі» КМҚК директорының орынбасары Еркен Шәкенов.

Иван Коцык Ченстохова қаласында дүниеге келген. Варшава діни училищесін бітірген соң, сол жерде белгілі композитор әрі хормейстердің шәкірті атанған. Одан кейінгі оқуын орта мектепте, діни семинарияда жалғастыра отырып, музыкамен айналысқан, симфониялық оркестрде ойнаған және хорға арналған әндер шығарған. 1923 жылдан бастап «Иван Васильевич Петропавлда тұрып, осы өңірдің мәдениеті мен музыкасына айтарлықтай үлес қосты.

1930 жылы қарашада Иван Коцык қамауға алынды, бұған оның Мағжан Жұмабаевпен және Жұмағали Тілеулинмен танысуы себеп болды. Ол концлагерьде үш жылға сотталды. Бостандыққа шыққаннан кейін Иван Васильевич музыкалық қызметін жалғастырды. 1938 жылы 11 қаңтарда поляк барлауына тыңшылық жасағаны үшін Қырғыз КСР НКВД басқармасы оны тұтқындайды. Көрнекті суретші қайтыс болғаннан кейін ақталды.
Көрме музейде екі ай жұмыс істейді.

Shares