Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Константин Ушковқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Петропавлда Константин Ушковқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 100 жылдығын мерекелеуаясында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, 1947-1983 жж. тарихи-өлкетану мұражайының директоры болған Константин Ушковқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Константин Ушаков зейнеткерлікке шыққанға дейін 36 жыл облыстық музейдіңдиректоры болып қызмет етті. Оның басшылығы кезінде мәдени нысан ҚазақстанКонституциясы көшесіндегі ғимаратқа көшті. Оның жетекшілігімен облыстық музей республикадағы үздік музейлердің бірі болып танылды. Ол қызметкерлердің ғылымизерттеулеріне, іссапарларына, археологиялық қазбаларына дем берді.

«Біздің отбасымыз үшін мұражайдың 100 жылдық мерейтойы өте маңызды оқиға. Меніңәкем өмірін осы музейға арнаған адам. Ол бастапқыда Советская көшесіндегі ғимараттаалты қызметкермен жұмыс істеді. Ғимарат тозығы жеткен. Тіпті 1948 жылы мұражайдатөтенше жағдай орын алды. Үш залда төбе құлады, бірақ келушілер зардап шекпеді. Дәл осы қиын кезеңде әкем сонда жұмыс істеді», – дейді Константин Ушковтың қызы Ирина Данилова. 

Мемориалдық тақтаның ашылуына Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдердідамыту және мұрағат істері басқармасының, республикалық және облыстық музейлердіңөкілдері, музей ісі мен мәдениет саласының ардагерлері, шығармашылық зиялы қауымөкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Shares