Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда өткен байқау-конкурсының үздіктері “Газель” мен 2 млн теңгені қоржынға салды

Петропавлда өткен байқау-конкурсының үздіктері “Газель” мен 2 млн теңгені қоржынға салды

Петропавлда қала күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген көркемөнерпаздар ұжымдарының облыстық байқауы өтті. Гала-концерт барысында “Ауылдың үздік мәдениет мекемесі-2024” анықталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Айтылғандай, шараға СҚО ұжымдары қатысты. Көрермендер ең жақсы нөмірлерді тамашалады.

“Біз әртүрлі жанрды көрсетуге тырысамыз. Проза, вокалдық және аспаптық топтар, би топтары болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Гран-при үшін – “Газель” автокөлігі. Бұл – облыс әкімінің сыйы. Бірінші орын – 2 млн теңге. Екінші орын – 1,5 млн теңге. Үшінші орын – 1 млн. Біржан-сал атындағы арнайы сыйлық – 350 мың теңге. Қосымша номинация болады, мұнда да 350 мың теңге беріледі”, – деді облыстық халық шығармашылығы және мәдениет-бос уақыт қызметі орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Жоламанова.

Облыстың әр ауданы өз әртістерімен мақтанады. Олардың көпшілігі Тайынша ауданында тұрады, деп атап өтті Тайынша аудандық МҮ директоры Самат Нықышев.

“Біздің ауданның атынан үш жұлдыз өнер көрсетеді: Әмина Жапар, Аружан Сүлейменова және Марина Лупшанюк. Ол ауылдық клубтың меңгерушісі болып еңбек етеді. Әмина Жапар – әлемдік деңгейдегі әнші. Ол Ялтада балалар арасында өткен байқауға қатысты, “Бала Даусы” байқауының финалисті, Дельфий ойындарында алтын жүлде еншіледі. Аружан Сүлейменова – көптеген байқаулардың лауреаты. Ол өз ісінің кәсіпқойы дегім келеді”, – деді Тайынша аудандық МҮ директоры Самат Нықышев.

Shares