Петропавлда ретро-әндер фестивалі өтуде
Петропавлда облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт өткізу қызметі орталығының концерт залында жыл сайынғы «Жастық шақ әуендері» облыстық ретро-әндер фестивалі өтуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Музыкалық кеш өткен ғасырдағы ән шығармашылығының үздік туындыларын сақтау және танымал ету, сондай-ақ дарынды орындаушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
“Мен “Мираж” тобының “Муыка нас связала” композициясын және “Ялла” тобының “Чинури” хитін орындаймын. Осы және көптеген композиция ретро әндердің алтын қорына енді. Бұл әндерді біздің әке-шешелеріміз, әжелеріміз тыңдады. Бұл – өзіндік тарихы бар әндер”, – деді фестивальге қатысушы Юлия Родионова.
Фестивалға Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлдың бес әуесқой вокалдық дуэті және сегіз солисі қатысты. Қатысушылар 70-80-90 жылдардағы әндерді түрлі тілдерде орындады. Сонымен қатар, «Қуанамын» халық би студиясының әртістері мен Ақан сері қатындағы облыстық филармонияның солисі Махамбетәлі Әбілда фестивальдің қонағы болды.