Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Батып кеткен испан кемесінен 20 миллиард долларға татитын қазына көтеріледі

Батып кеткен испан кемесінен 20 миллиард долларға татитын қазына көтеріледі

Колумбия билігі 2026 жылдан кешіктірмей суға батқан испандық “Сан-Хосе” галлеонынан қазына көтеруге уәде береді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Колумбия президенті Густаво Петро “Сан-Хосе”-нің жүктерін іздеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Ол үшін бірлескен кәсіпорын құруды немесе осы мәселені шеше алатын жеке фирманы жалдауды ұсынды.

“Бұл – Петро әкімшілігі басымдықтарының бірі. Президент бізге тездетіңдер деді”, – деп хабарлады мәдениет министрі Хуан Дэвид Корреа.

Боливия шахталарынан күміс тиеп, Еуропаға бет алған испандық “Сан-Хосе” галлеоны 1708 жылы Колумбия жағалауында батып кетті. Мамандар оның жүгін 20 миллиард долларға бағалайды. Бұл – тарихтағы ең үлкен қазынаның бірі.

Shares