Бішкектегі ЖЭО-да жарылыс: бес адам зардап шекті, мектептер онлайн форматқа көшті
Sputnik.kg Тelegram арнасы құзыретті органдар ЖЭО-дағы апат туралы деректі растады деп жазады. Қала тұрғындары болса үйлерде жылудың жоқтығына шағымдануда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА сілтеме жасап.
“Әлеуметтік желілерде ЖЭО-да құбырдың немесе қазандықтық жарылуы туралы ақпарат пайда болды. Әзірге ресми себептер айтылмалы. Тек мектептер мен балабақшалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды деген ақпарат бар”, – деп хабарлайды дереккөз.
Бішкектегі ЖЭО-да өрт болды, от 05.05-те сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ. 03.06-да оқиға орнына алты өрт сөндіру көлігі келген, бірақ олардың төртеуі 10 минуттан кейін өрт сөндіру бөліміне қайтарылыпты. Мектептер мен балабақшаларда қашықтықтан оқыту форматына көшу туралы шешім қабылданды, қалалық әкімдік сейсенбіге дейін осы режимде оқитындарын хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкек ЖЭО-дағы апаттан 5 адам зардап шеккен. Екеуі қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емделуге жіберіліпті. Ал әртүрлі дәрежедегі күйіктері бар тағы екі адам реанимацияға түскен, жағдайлары өте ауыр деп бағаланады. Біреуі күйік бөлімінде жатыр, жағдайы – орташа ауыр. Қырғызстан Премьер-министрі орын алған апат бойынша жедел штаб отырысын өткізу үшін Қазақстанның оңтүстік астанасынан Бішкекке шұғыл ұшып кетті.
Бішкек тұрғындары болса электр қуатының нашарлығына, жоқтығына шағымдануда. ЖЭО-да болған апаттан кейін желінің жүктемесі артуы мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрлігі Бішкек ауруханаларын жылумен жабдықтауда проблемалар жоқ, жағдай бақылауда деп сендірді. Өз кезегінде энергетика министрінің орынбасары Насипбек Керимов Бішкектің жылумен жабдықтау жүйесі 2-3 күн ішінде қалпына келтіріледі, деп мәлімдеді. Бұл – болжамды мерзімдер.
“”Бішкекжылужелісі” жүйесі рециркуляция режимінде жұмыс істейді. Біз жүйе қатып қалмас үшін осындай шаралар қолданамыз”, — деді ол.
Дереккөздің хабарлауынша, апат ескі қазандық цехындағы 14-ші қазандықта болған. Жаңа бөлім штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл – энергетика министрлігінің алдын-ала мәліметтері. Бішкектің барлық оңтүстік бөлігі жылусыз қалды, деп хабарлады “Бішкекжылужелісі” басшысының орынбасары Шаршенбек Сарыкеев. Бішкекте әлеуметтік емес нысандар жылудан уақытша ажыратылады, деп қосты ол.