Алаяқтар адамдардың дауыстарын ақша сұрау үшін қолдана бастады
Қылмыскерлер жасанды интеллектіні (ЖИ) меңгеріп, адамдардың дауыстарын таныстарынан ақша сұрау үшін қолдана бастады, деп хабарлайды QZ media тілшісі NUR.KZ. сілтеме жасап.
Алаяқтар адамдарды алдау және олардың ақшаларын ұрлау үшін бұзылған әлеуметтік желі парақшасын немесе мессенджерді жиі пайдаланады. Олар әдетте жәбірленушілердің телефон нөмірлеріне көрсетілген картаға ақша жіберуді сұрайтын қарапайым хабарламаларды жолдайды.
Алайда, жасанды интеллекттің дамуымен алаяқтардың әдістері айтарлықтай күрделене түсті. РБК журналистерінің айтуынша, Ресейде жасанды интеллект арқылы алаяқтар адамдардың дауыстарын жазып, әлгі адамдардың таныстарына жіберілген аудиохабарламалар арқылы ақша сұраған жағдайлар тіркелген.
Басқа адамның сенімді дауысын алу үшін шабуылдаушылар оның мессенджер аккаунтын бұзады, дауыстық хабарламаларды өздеріне алады, оларды нейрондық желіге жүктейді, артынша заман игілігі бүкіл ұсыныстарды жәбірленушінің дауысымен шынайы түрде қайталайды.
Осы орайда ескерту, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын Қазақстан тұрғындары қырағылық танытып, дауыс жолданса да, ақша жіберуді сұрайтын таныстарының хабарламаларына күдікпен қарау керек.
Яғни, ақша аудармас бұрын, өтініш жасап тұрған адамның шынымен өзінің танысы екеніне көз жеткізген жөн, мысалы, оған қоңырау шалып немесе тікелей эфирде сөйлесу арқылы дегендей. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы елімізде алаяқтықтың 44,8 мың жағдайы тіркелді. Анықталған қылмыскерлердің арасында тіпті кәмелетке толмаған балалар да бар.