Метапневмовирус індеті: Қазақстанда карантиндік шектеулер қайтарыла ма?
Министрлер кабинетінің екі өкілі брифингте метапневмовирустың өршуі туралы айтты. Олар көптеген қазақстандықтарды алаңдатып отырған сұраққа жауап берді: адамдардың көп бөлігін жұқтыру қаупін азайту үшін карантиндік шектеулерді қайтару керек пе, деп хабарлайды QZ News тілшісі NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің білім беру жүйесі түрлі сын-қатерлерге дайын екендігін атап өтті.
«Бұл – коронавирустық пандемия кезінде жинақталған тәжірибе. Сондықтан барлық колледждер мен мектептер мұндай жағдайларға толықтай жабдықталған. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту керек деп ойлаймын», – деп қосты ол.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жақында Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселе бойынша өз пікірін айтқанын еске салды.
«Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сауал жолдады, біз тек бізге ғана емес, басқа елдерге де жауап алдық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үрейленудің қажеті жоқ екенін айтты: бұл вирус елдерде ондаған жылдар бойы бар және алдын алу шараларын қабылдау маңызды. Біз осы ұсыныстарды басшылыққа аламыз. Жалпы, бұл ДДҰ атап өткендей, сырқаттанушылықтың көбеюі кезінде жиі кездесетін құбылыс… Бұл біз бірге өтуіміз керек кезең», – деді ол.
6 қаңтарда Қазақстанда метапневмовирусты жұқтырған 30 жағдай тіркелгенін, оның 8-і Астанада екенін жазған болатынбыз.