Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Әсет Баймаханов СҚО бойынша аумақтық қорғаныс бригадасының командирі болып тағайындалды

Әсет Баймаханов СҚО бойынша аумақтық қорғаныс бригадасының командирі болып тағайындалды

January 8, 2025 16:49

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Әсет Әмірұлы Баймаханов СҚО бойынша аумақтық қорғаныс бригадасының командирі болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Әсет Әмірұлы 2007 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтын және 2020 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тамамдады. Әр жылдары взвод командирінен бригада командирінің орынбасарына дейін түрлі офицерлік қызметтерді атқарды.

Осы тағайындауға дейін Алматыдағы әскери бөлімнің бригада командирінің жауынгерлік даярлық орынбасары болды. 

Shares