Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News. Құттықтау мәтінін Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

Өз үндеуінде Мемлекет басшысы бұл қасиетті күндері мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі амал екенін еске салды.

«Ислам діні бір-бірімізге құрметпен қарап, жақындарымызға жанашыр болуға үндейді, ынтымақ пен өзара сыйластықты дәріптейді. Осындай мәңгілік құндылықтар арқылы халқымыздың бірлігі беки түседі. Құрбан айт – өзара түсіністік пен татулықтың мерекесі. Елдегі тұрақтылық пен қоғамдағы ауызбіршілікті сақтай отырып, біз кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Бірге отырып, Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстан құрамыз. Осы күндері айтылған барлық ізгі тілектер орындалсын! Әр отбасыға амандық пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт құтты болсын!», – делінген құттықтауда.

Shares