Қазақстанда 2024 жылы кімнің жалақысы артады
Қызметкерлердің қай санаттарында табыс артады? 2024 жылы жалақыны қаншаға көтеру жоспарлануда? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Tengrinews.kz. агенттігіне сілтеме жасап.
Еңбек заңнамасына сәйкес министрлік азаматтық қызметшілердің еңбекақысын реттейді. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлері үшін бірыңғай болып табылады.
“Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен жалақыны арттыру басталды”, – деп хабарлады Еңбек министрлігі.
2022 жылы бұл коэффициенттің мөлшері – 1,23, ал 2023 жылы – 1,45 құрады. 2024 жылы ол 1,71 – ге, 2025 жылы 2,0-ге дейін көтеріледі. Осылайша, осы төрт жыл ішінде азаматтық қызметшілердің жалақысы екі есеге артады, деп атап өтті Еңбек министрлігі.
Сондай-ақ, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) ағымдағы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланғанын еске салды.
“Еңбек заңнамасына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген бірінші разрядты қызметкердің айлық жалақысының ең төмен мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Осыған байланысты ЕТЖ жоғарылауы ең алдымен жалақысы төмен қызметкерлерге әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер де разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады”, – делінген ведомствода.
Министрліктің болжамына сәйкес, осының есебінен меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда, барлық салаларда жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы өседі.