Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда халық саны 20 млн адамға жетті

Қазақстанда халық саны 20 млн адамға жетті

Қазақстанда халық саны 20 млн адамға жетті. Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды осы маңызды оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Отандастарды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! Бақытты отбасы – ұлт әл-ауқатының, елдің тұрақты прогресінің негізі. Мемлекет отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады”,- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны бес бала атанды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткені хабарланды. 20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып анықталды. Мысалы: Қазақстанға келген және кеткен адамдар, туғандар мен қайтыс болғандар.

“Халық деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейтойлық азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олар – 3 ұл мен 2 қыз”, – делінген хабарламада.

 

Shares