Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда мектеп демалысының мерзімі бекітілді

Қазақстанда мектеп демалысының мерзімі бекітілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылар 2024-2025 оқу жылында қашан демалатынын хабарлады, деп жазады QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.

Балалар мектепке 2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 25 мамырына дейін барады:

I тоқсан сегіз аптаға созылады, күзгі демалыс 28 қазан мен 3 қараша аралығында болады;
II тоқсан – сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін;
III тоқсан – он оқу аптасы, көктемгі демалыс – 21-31 наурыз;
IV тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Сонымен қатар, 3-9 ақпан аралығында бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған.
9-10 сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар 29 мамырдан 9 маусымға дейін, 11-12 сынып оқушыларына арналған емтихандар 30 мамырдан 12 маусымға дейін өтеді.

Тиісті жоба “Ашық НҚА” сайтында жарияланды және 18 маусымға дейін көпшілік талқылау үшін ашық күйде болады.

Shares