Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандықтар наурыз айында жарты айға жуық демалады

Қазақстандықтар наурыз айында жарты айға жуық демалады

Биылғы наурыз айы демалыс пен мереке күндеріне толы болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

eGov.kz. порталында хабарланғандай, Қазақстан тұрғындары былай демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 2, 3, 8, 9, 10, 16, 17, 21-25, 30, 31 наурыз күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 3, 8, 10, 17, 21-24, 31 наурыз күндері.

Стандартты демалыс күндерінен бөлек, наурыз айында дәстүр бойынша екі мереке атап өтіледі:

  • Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);
  • Наурыз мейрамы (21-23 наурыз).

Биылғы 8 наурыз жұмаға келеді. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар қатарынан үш күн – 8, 9 және 10 демала алады. Алты күн жұмыс істейтіндер тек 8 наурызда демалады. Сонымен қатар, заңды демалыс – 10 наурыз.

Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биылғы жылы мереке күндері бейсенбі, жұма және сенбіге сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасындағы отандастарымыз қатарынан 5 күн демалады – 21-25 наурыз аралығында. Ал алты күндік жұмыс аптасындағы адамдар үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында болады. 25 (дүйсенбі) – жұмыс күні.

Жалпы алғанда, қазақстандықтардың наурыз айында 14 демалыс күні болады, оның 4-і – мерекелік.

 

 

Shares