ҚР Үкіметі отставкаға кетті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін орындау Скляр Роман Васильевичке уақытша жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген жарлықтың мәтінінде.
Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарушы ретінде Мемлекет басшысы Роман Склярды тағайындады.