Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ҚР Үкіметі отставкаға кетті

ҚР Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін орындау Скляр Роман Васильевичке уақытша жүктелсін.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырсын.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген жарлықтың мәтінінде.

Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарушы ретінде Мемлекет басшысы Роман Склярды тағайындады.

 

Shares