Семейде көшеде түкіргендер айыппұлмен жазалана бастады
Семейде көшеде түкіргендерге белсенді түрде айыппұл салына бастады. Бұл үшін тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастыруда. Мамандар құқық бұзушыларды бақылау камералары арқылы да анықтайды. Полицейлер жеңілдік болмайтынын алға тартты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі ktk.kz. арнасына сілтеме жасап.
Көшеде темекі тұқылын немесе шемішке қабығын тастағандар да жазаланады. Айыптың тағы бір өтеуі бар. Ол – қоғамдық орындарды тазалау.
Полицияның айтуынша, мобильді топтар тәулік бойы жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 700-ден астам бұзушылық тіркелген.
Бірақ, ең көп тарағаны – түкіру. Тәртіп сақшылары қазір мұндай бұзушылық үшін елде жаза барын еске салады.
Қоғамдық жерде сілекейдің көп бөлінгені үшін тұлға тіпті темір торға да қамалуы мүмкін.
“Ұсақ бұзақылықтың 60 фактісі тіркелді. Оның ішінде темекі тұқылдарын лақтыру және түкіру бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабына сәйкес жауапкершілік күшейтілді. Құқық бұзушыларға 60 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынады”, – деп атап өтті өңір ПД.