Шымкенттік әйел баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберді – полиция тергеу жүргізуде
23 қараша күні кешке шымкенттік әйел баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Otyrar.kz. ұсынған ақпарат бойынша бала ауыр жағдайда көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлер дәрігерлерге оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болғанын, туысы баланы терезеден лақтырып жібергенін айтты. Кейбір мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық Орталығында есепте тұр. Оқиғадан кейін әйел психикалық диспансерге жеткізілді. Полиция тергеу жүргізуде.