Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Су тасқынынан зардап шеккендерден бағаның өсуі немесе тауар тапшылығы туралы дерек ұсыну сұралды

Су тасқынынан зардап шеккендерден бағаның өсуі немесе тауар тапшылығы туралы дерек ұсыну сұралды

Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде ӘМАТ-пен қамтамасыз ету жағдайына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 22, Ақтөбе облысында – 9, Атырау облысында – 35, Батыс Қазақстан облысында 13 –нысан). Залал сомасы нақтыланады. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Министрлік ірі сауда желілері өкілдеріне бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және зардап шеккен өңірлерде азық-түлік тауарларын жеткізудегі үзілістер туралы уақтылы хабарлау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда қазақстандықтардан 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша, ал 8 (7172) 74-39-34 нөмірі бойынша тауарлар тапшылығы жағдайында жүгіну сұралады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Қостанай облысында және Ұлытауда ТЖ режимі жарияланды, 27 наурызда су тасқыны салдарынан Орал қаласында ТЖ режимі жарияланды. 2 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖ режимі жарияланды.

4 сәуірде Петропавлда табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 6 сәуірде Қостанайда табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді.

Атырау облысында төтенше жағдай режимі 8 сәуірде жарияланды. Сол күні Ақтөбе және Ақтөбе облысының алты ауданында ТЖ режимі енгізілді.

Еріген су зираттарды да басқанын атап өткен жөн. Мұсылман зиратының бір бөлігі су астына кетті. Ол Самара — Шымкент тас жолының шетінде, Теректі ауданы Подстепное және Барбастау ауылдарының арасында орналасқан.

Shares