Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Талдықорғандық ана кішкентай баласын ұрып, суық сарайға қамап тастаған

Талдықорғандық ана кішкентай баласын ұрып, суық сарайға қамап тастаған

Артём Лебедев әлі он жасқа да толмаған, соған қарамастан, ол өз анасының бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылығына ұшыраған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Zakon.kz ИБ сілтеме жасап.

“Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді”,- делінген адам құқықтары жөніндегі уәкілдің хабарламасында.

Ақпарға сүйенсек, комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда және толық бейберекеттікте өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады.

“Светалана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязды күні сарайға қамап қойған. Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр, үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастыруда”,- делінген хабарламада.

Shares