Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн-сабақтар өткізілуде

ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн-сабақтар өткізілуде

20 қараша күні ҚР ҒЖБМ ұлттық тестілеу орталығы еліміздің білім беру орталықтарымен бірге ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша сабақтарды бастады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА сілтеме жасап.

Оқушылар сабақтарды YouTube-арналарда, сондай-ақ Instagram-парақшаларда көре алады. Сабақ эфирлері талапкерлер кез келген уақытта көру үшін сақталады.

“Өткен жылы 600 сағатқа жуық онлайн-сабақ эфирі өткізілді. Оларға еліміздің барлық өңіріндегі мектеп түлектері қатысты. Жастар ҰБТ-ның барлық пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл сабақтарды 20-дан астам орталық өткізеді. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай жүзеге асырылып жатқанын атап өткім келеді”, — деп атап өтті ҚР ҒЖБМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Онлайн сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Оқушылар өз білімін тексеру үшін ұлттық тестілеу орталығы онлайн-тестілеуді іске қосты. Сынақ емтиханының технологиясы негізгі ҰБТ-ға сәйкес келеді. ҰТО сайтында әдебиеттер тізімі және тапсырмалар құрастырылған тест жоспары жарияланды.

 

 

Shares