Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Ағасы келіп, үйге кірген, сол сәтте жансыз үш адамды көрген” – Петропавлда өлтірілген отбасының көршісі оқиғаның жай-жапсарын айтып берді

“Ағасы келіп, үйге кірген, сол сәтте жансыз үш адамды көрген” – Петропавлда өлтірілген отбасының көршісі оқиғаның жай-жапсарын айтып берді

Петропавлдың шетінде орналасқан “Жұмысшы кенті” шағын ауданында бүтін отбасы қаза тапты. Ата-ана мен олардың 17 жасар ұлы қылмыскерлердің құрбаны болды. Көрші қайғылы оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz. сілтеме жасап.

Отбасының көршісі Александрдың айтуынша, марқұмдар жерлеу рәсімін өткізетін дүкенге иелік еткен. Жанұя төрт адамнан тұрыпты. Ресейде оқитын қыздары бар. Ал қалған отбасы мүшелері Петропавлда тұрған.

“Қарапайым отбасы еді. Вадим мен Юлия жерлеу бизнесімен айналысты. “Ангел” атты жерлеу агенттіктері болды. Ал балалары лицейлердің бірінде оқыды. Марқұмдармен тығыз араластық деп айта алмаймын. Кездесіп қалатынбыз, әңгімелесіп, артынша тарқасып жүрдік”, – деді көрші.

Көршінің айтуынша, кеше, 2023 жылдың 27 желтоқсанында жеткіншек лицейде болуы керек еді. Ол жаңажылдық би кешіне дайындалып жүріпті.

“Ол бармады. Оған қайта-қайта қоңырау шалынған. Бірақ телефон тұтқасын ешкім алмаған”, – деді Александр.

Қазір көшеде және отбасы тұрған үйдің айналасында криминалистер мен полицейлер жұмыс істеуде. Олар металл іздейтін құрылғымен аумақты тексеруде.

Сонымен қатар, Александр тағы бір ақпармен бөлісті. Вадим мен Юлияны жұмыс орнындағы жандар іздепті. Өйткені олардың басшылары WhatsApp қоңырауына да, хабарламаларға да жауап бермеген. Қызметкерлердің айтуынша, 27 желтоқсанда, 17:00-де олар Юлиямен сөйлескен. Азаматша оларға келесі күні орындалуы керек тапсырмаларды берген. Сол күні, 20:00-де отбасының үлкендері байланысқа шықпаған.

“28 желтоқсанда олардың ұлы мектепке келмеді, Вадим мен Юлия қоңырауларға жауап бермеді. Отбасылық фирмада автобус жүргізетін қызметкер 28 желтоқсанда, 11-лер шамасында Вадимнің ағасына отбасы мүшелері байланысқа шықпайтынын айтты. Ағасы келіп, үйге кірген, сол сәтте жансыз үш адамды көрген. Ол полицияға қоңырау шалады. Көршілер оларды пышақпен өлтірді дейді. Бірақ, үйге кірген, көргендердің бәрі түрліше нұсқа айтады. Бала алдымен өлтірілген сияқты, содан кейін жұмыстан келген Вадим мен Юлия кісі қолынан жан тапсырған. Вадим мен Юлия кешке біздің азық-түлік дүкеніне тоқтады. Оларды көршілеріміз көріпті. Вадим курткасыз болған сияқты, ал Юлия сыртқы киімде болған. Яғни, шешініп те үлгермеген. Ол босағада жатты. Қасында азық-түлік пакеттері жатыр. Қылмыскерлер азық-түлікке тиіспеген”, – деп қосты көршісі.

Көршісінің айтуынша, Юлия шамамен 44 жаста, ал Вадим шамамен 47 жаста. Айта кету керек, үй биік дуалмен қоршалған. Аулада екі үлкен овчарка жүр.

Shares