2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Заречный тұрғындарына арналған екі көпқабатты үйдің құрылысын тексерді

СҚО әкімі Заречный тұрғындарына арналған екі көпқабатты үйдің құрылысын тексерді

April 24, 2025 12:37

Биыл өңірде 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында 1,9 мың пәтерден тұратын 17 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды QZ News.

Нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен салынуда. Атап айтқанда, Жас Өркен шағын ауданында және Уалиханов көшесінде Заречный кенті тұрғындарына арналған 90 және 72 пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеруде.

«Бұл кент өзен аңғарында орналасқан және жыл сайын су тасқыны қаупі жоғары аймақта болады. Жаңа тұрғын үйлер адамдарға қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares