Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Айыртау ауданында жолдар жөнделуде

Айыртау ауданында жолдар жөнделуде

Ағымдағы жылы Айыртау ауданында жол жөндеу бойынша 5 жоба жүзеге асуы тиіс. Маңызды іске 3,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Саумалкөл-Сырымбет-Қарақамыс-Светлое автожолын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жолдың 71 шақырымы тиісті күйге келтіріледі. Мердігер – “Петропавл Жолдары” ЖШС. 2024 жылға дейін 20,1 км жөнделді, ал ағымдағы жылы қалған учаскені фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде.

Шілде айында аудандағы Арықбалық-Нижний, Борлық-Приозерное бағыттары бойынша ұзындығы 39 км құрайтын автожолда орташа жөндеу жұмыстары басталады. Мердігер – “Новинтех” ЖШС. Жұмыс үшін материал 100% дайындалды.

Қазір Лобаново ауылында 1,5 км жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, Саумалкөлдегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда 4 км жол төсемі ретке келтіріледі. Бұл мақсаттарға 148 млн теңге бөлінді.

Shares