Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов Петропавлда НЗМ оқушыларымен кездесу өткізді

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов Петропавлда НЗМ оқушыларымен кездесу өткізді

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-12 сынып оқушылары Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметовпен кездесті, деп хабарлайды QZ News.

Ғани Нығыметов жоғары сынып оқушыларына университетте білім алудың мүмкіндіктері, қабылдау шарттары және алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Биыл университет Солтүстік Қазақстан облысының түлектеріне 50 грант бөлді. Оған Петропавлдағы NIS оқушылары да үміттене алады.

«Оқушылар университет ұсынған қос дипломдық бағдарламаларға ерекше қызығушылық танытты. Мысалы, білім беру орталығында қолданбалы ғылымдар университетімен (Германия) және Мәскеу энергетикалық институтымен бірлескен білім беру жобалары бар. Кездесу барысында оқушылар білім алу перспективалары мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап алды», – деп хабарлады Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдері.

Shares