Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Апелляция нәтиже бермеді: Петропавлда «Халық кеңесі» мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Апелляция нәтиже бермеді: Петропавлда «Халық кеңесі» мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Сепаратистік қызметі үшін сотталған Солтүстік Қазақстан тұрғындарына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2024 жылғы 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы Солтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғынына қатысты сепаратистік қызмет жасағаны, сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттағаны және жария түрде шақырғаны қылмыстық істі қарады. Сонымен қатар, олардың бірі оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау үшін жауапқа тартылды.

Бірінші сатыдағы сот Вячеслав Зудерман өзін азаматтық белсенді ретінде көрсете отырып, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы еңбекшілерінің Халық кеңесі»деп аталатын мемлекеттік құрылымның жаңа, дербес нысанын құрып, кейіннен оны Қазақстан Республикасынан тәуелсіз деп жариялағанын анықтады.

Зудерман Елена Болдырева, Мадина Қапарова, Ольга Бережновамен бірлесе отырып, өзі иесі және әкімшісі болып табылатын Telegram чаты арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған түрлі ақпаратты орналастырды, сондай-ақ жиналыста Қазақстан Республикасын құру кезінде ойдан шығарылған, заңсыздық пен алаяқтық туралы мәлімдемелер қамтылған Кеңес декларациясының мәтінін жариялады. Сонымен қатар, Зудерман өз үйінде 9 мм. калибрлі тапанша патронын заңсыз сақтаған.

“Петропавл қалалық сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сотталды: Вячеслав Зудерман ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігі, 287-бабының 3-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру. Елена Болдырева, Мадина Қапарова, Ольга Бережнова ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігі бойынша әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айыру”,- делінген облыстық соттың хабарламасында.

Апелляциялық сатының қаулысымен Петропавл қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды, сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Апелляциялық қаулымен сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Shares