Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аққайың ауданында ауыл мектептеріндегі балалардың оқу процесі мен қауіпсіздігі талқыланды

Аққайың ауданында ауыл мектептеріндегі балалардың оқу процесі мен қауіпсіздігі талқыланды

Аққайың ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жанар Құсайынның төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларымен жиын өтті. Іс-шараға мектеп директорларынан бөлек, мәслихат төрағасы Еділ Жәкенов, аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Байзақ, білім бөлімінің басшысы мен мамандары қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Білім бөлімінің басшысы Сайрамбек Жақыпов аудандағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметі туралы жан-жақты баяндама жасады. Тек оқу-тәрбие үрдісіне ғана емес, материалдық қамтамасыз ету, тамақтану, балаларды тасымалдау, жөндеу, қауіпсіздік, жазғы демалыс, көгалдандыру және т.б.

«Аудан әкімі бірқатар мектеп басшыларына ескертулер жасап, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берді. Жиында білім саласына қатысты полиция басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар департаменті толық ақпарат берді», – деді аудан әкімдігі.

Жанар Құсайын мектептерде, балабақшалар мен шағын орталықтарда барлық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау қажет, себебі балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты екенін атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша жұмысты одан әрі күшейтетін бағыттар анықталды.

Shares