Аққайың ауданында дәрігерлермен қамтамасыз ету 96 пайызды құрайды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Аққайыңауданында Тюменка, Власовка, Ивановка ауылдарында үш медициналық пунктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы брифингте аудан басшысы Жанар Құсайынайтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Черкасское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратына күрделі жөндеужұмыстары жүргізілді. Келер жылы Ленинский ауылында дәрігерлік амбулаторияға, аудандық аурухана мен емханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Материалдық-техникалық жарақтандыру аясында 7 жедел жәрдем көлігі қажет», – дедіАққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын.
Аққайың ауданында дәрігерлермен қамтамасыз ету 96 пайызды құрайды. Невропатолог пен онкологқа әлі де бос орындар бар.
«Медициналық қызметкерлердің бос орындарын толтыру үшін аудандық ауруханаәкімшілігі Қазақстан қалаларында бос орындар жәрмеңкелеріне қатысады. Облыстықденсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс әкімінің гранты есебінен облысқадәрігерлерді резидентурадан кейін тарту жоспарлануда», — деді Жанар Құсайын.