Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аққайың ауданында электр желісінің бір бөлігі су басу аймағынан шығарылады

Аққайың ауданында электр желісінің бір бөлігі су басу аймағынан шығарылады

«Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ нысандарында 2024 жылғы «Негізгі құралдарды қайта жаңарту және жаңғырту» инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша ақпараттық тур өтті. Кездесуді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев ағымдағы жылы жоспардағы іс-шаралар үшін инвестициялық бағдарлама шеңберінде шамамен 3,6 млрд теңге бөлінгенін айтты. Кәсіпорынның негізгі күші Аққайың ауданындағы «Смирново» 220/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңартуға, Петропавлдағы № 11 жабық тарату құрылғысын қайта жаңартуға, облыстың қосалқы станцияларындағы ашық тарату құрылғысының блоктарын ауыстыруға, 35,4 км 35-110 кВ әуе желілерін батпақты жерлерден көшіруге бағытталған.

“Жаңғыртудың маңызды нысандарының бірі СҚО Аққайың ауданында орналасқан “Опытная-Рублевка” 35кВ әуе желісінің учаскесі болып табылады. Желі 1985 жылы пайдалануға берілген. Су тасқыны кезеңінде көлдердің қосылуы нәтижесінде ұзындығы 14 шақырымға жуық электр беру желісінің учаскесі су астында қалды. Бұдан басқа, жыл сайынғы көктемгі мұз жүру кезінде тіректер құлап қалады, нәтижесінде Опытное және Рублевка елді мекендері электр қуатының бір көзімен қалады. 35 кВ әуе желісінің бір бөлігін су басу аймағынан шығару туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда аталған нысандағы жұмыстар аяқталуға жақын”, – деп атап өтті Александр Чекулаев.

Shares