Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аудандық білім бөлімінің бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды

Аудандық білім бөлімінің бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды

November 14, 2024 20:00

Ағымдағы жылдың 31 қазанында СҚО Айыртау аудандық соты аудандық білім бөлімінің бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Ол, өзіне және бөлім қызметкерлеріне жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушы мемлекетке келтірілген залалды тергеу барысында толық көлемде өтеді. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды және ол қаржы және мемлекеттік ұйымдарда сол мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Shares