Ақжар ауданында құрылыс тасын өндіретін және өңдейтін екі кәсіпорын ашылды
Ақжар ауданының тау-кен өнеркәсібі саласында жоғары сапалы қиыршық тас өндіретін 7 кәсіпорын және кварц құмын өндіретін 2 кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
2024 жылдың 9 айы ішінде өнеркәсіп көлемі 1 млрд 552 млн теңгені немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,5% құрады. Тау-кен өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көлем 475,3 млн теңгені құрады.
«Бұдан басқа, 2024 жыл ішінде ауданда құрылыс тастарын өндіру және қайта өңдеу бойынша 2 жаңа кәсіпорын – “Промщебень” ЖШС және “Akzhar mining” ЖШС ашылды, оның жылдық көлемі 60 мың текше метр және екінші бағыт бойынша жылдық көлем 300 мың текше метр», – деді Ақжар ауданының әкімі Рүстем Елубаев брифинг барысында.