Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Астанадан 20 тонна ет өнімдерін тасымалдаған жүк көлігі СҚО-да аударылып қалған

Астанадан 20 тонна ет өнімдерін тасымалдаған жүк көлігі СҚО-да аударылып қалған

18 ақпанда Кокшетау — Рузаевка автожолының 111 шақырымында Астанадан 20 тонна ет тасымалдап бара жатқан Mercedes жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды QZ News.

Көлікті 55 жастағы Грузия азаматы басқарған. Оқиға нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Шетелдікке батальон патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспектор көмек көрсетті. Олардың өтініші бойынша Айыртау ауданындағы бір ЖШС ауыр техниканы және жұмысшыларды жіберіп, жүк көлігін жолға шығарып берді.

«Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнында соңына дейін болып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жүргізуші оған көмек көрсеткен барлық адамдарға алғысын білдірді. Бір күннен кейін осы автожолдың 140 шақырымында Рудный қаласының 41 жастағы тұрғыны басқарған HOWO отын тасымалдағыш көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Автоцистерна бос болғандықтан, экологиялық қауіп төнген жоқ. Полиция қызметкерлері ЖШС дирекциясына және 66 жол-құрылыс учаскесіне хабарласқан», — деп хабарлады СҚО ПД.

Shares