«Азия-Тарангұл» ЖШС өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салып жатыр
«Азия-Тарангұл» ЖШС өз қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Бас директор Гольцер П.Ф. басшылығымен кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен Тарангұл ауылдық округінің Тарангұл ауылында жайлы тұрғын үйлер салынуда, деп хабарлайды QZ News.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 250 шаршы метр болатын екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі таңда іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Бұл үйдің құрылыс құны шамамен 17 миллион теңгені құрайды.
«Азия-Тарангұл» ЖШС-нің бұл бастамасы – қызметкерлерді жайлы баспанамен қамтамасыз ету және ауылда олардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.