Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Бағалы шаянды аулаған СҚО тұрғындарына сот үкімі шықты

Бағалы шаянды аулаған СҚО тұрғындарына сот үкімі шықты

Былтыр СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан топтың су ресурстарын заңсыз өндіруге қатысуы мүмкін екені туралы ақпарат алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

2023 жылдың қыркүйегінде Токаревка ауылының маңында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері және 3367 әскери бөлімінің әскери қызметшілері екі ВАЗ-21214 автокөліктеріне мініп келе жатқан күдіктілерді ұстады.

Олардан Artemia salina шаяндарының жұмыртқалары салынған 7 қап тәркіленді. Сараптама сәйкес, келтірілген шығын 1,7 млн теңгеден асты. 22 мен 38 жас аралығындағы алты ер адам сот алдында жауап берді. Олардың екеуіне үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, қалғандарының осындай мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Shares