Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » БИЗНЕС-ЖОСПАР: Петропавлдық кәсіпкер ірімшік жасау орнын ашуды жоспарлап отыр

БИЗНЕС-ЖОСПАР: Петропавлдық кәсіпкер ірімшік жасау орнын ашуды жоспарлап отыр

Ольга Деншина 2018 жылдан бастап ірімшік және йогурт жасаумен айналысады. Қызықты істі меңгеру үшін солтүстікқазақстандық Екатеринбургте курстардан өткен. Содан кейін ол қосымша оқулар арқылы біртіндеп біліктілігін арттырды. Бастапқыда азаматша ірімшіктерді тек ешкі сүтінен әзірледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қызымның сиыр сүтіне аллергиясы болды, осы себепті екі ешкі алдық, бәрі солай басталды. Содан кейін Ресейге барып, жұбайымен асыл тұқымды ешкілерді әкелдік. Артық сүт пайда бола бастады, сонда не істеу керектігін ойландық. Осылайша менің ісім өмірге келді. Қазір ірімшіктің 20-ға жуық түрін жасаймын. Достарымыз сұрайды, мерекелерге тапсырыс береді, негізінен адамдар Instagram арқылы табады, жазады, сатып алады”, – деді Ольга Деншина.

Кәсіпкер өзінің жеке кәсіпкерлігін ашты, оның ісіне жұбайы көмектеседі. Әйел жаңа деңгейге көтерілуді, өзінің ірімшік жасау орнын ашуды армандайды. Сонда барлық шаруа үй асханасында емес, арнайы орында тындырылады.

“Мен “Атамекенге” жүгіндім, маған “Coca-Cola Белестері” байқауы өтіп жатқанын айтты, өтінім бердім, ойда-жоқта менің бағым жанды, Қазақстан бойынша 587 адам болды, Петропавлдан мен ғана өттім”, – деп бөлісті Ольга Деньшина қуанышты жаңалықпен.

Ольга Деншина екі мың доллар көлемінде грант жеңіп алды. Бұл қаражатқа белсенді азаматша ірімшік жасауға арналған қосымша жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.

“Биыл ірімшік жасау орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Барлық санитарлық талаптарға сай келетін жақсы өндірістік цехты іске қосамыз. Өнімге сертификат беріледі”, – деді жерлесіміз.

Сонда Ольга Деншина дайын өнімді супермаркеттерде сата алады, сонымен қатар қалалық мекемелерге ірімшік жеткізе алады. Мұндай тауарға астаналық клиенттерден де сұраныс бар.

Ол астаналықтармен елордадағы ірімшік көрмесіне барған кезде танысыпты. Қолдан жасалған жұмсақ ірімшіктің бір келісі 4800 теңге тұрады, ал қатты ірімшіктің бағасы 7 мың теңгеден басталады. Азаматша ірімшіктер мен йогурттарды ешкі сүтінен ғана емес, сиыр сүтінен де жасайды.

Shares