Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Бөлшек салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендетудің тиімділігі Петропавлда 2024 жылдың соңына дейін тексеріледі

Бөлшек салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендетудің тиімділігі Петропавлда 2024 жылдың соңына дейін тексеріледі

8 шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының 13 сессиясында Петропавлдағы бөлшек салық мөлшерін төмендету туралы жоба қаралды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО әкімі орынбасарының 2024 жылғы 1 наурыздағы хатына сәйкес бөлшек салықтың мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету ұсынылды.

Шешім жобасы “Ашық үкімет” сайтындағы “Ашық НҚА” бөлімінде а.ж. 1-18 наурыз аралығында қаралды, жоба талқылау рәсімінен өтті. Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы, Кәсіпкерлер палатасы мен 4 қауымдастықтың – Фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығы, Құрылысшылар қауымдастығы, Автокөлік одағы, Зергерлер қауымдастығының сараптамалық қорытындылары алынды. Сондай-ақ, жоба қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, ол қоғамдық кеңесте және СҚО Әділет департаментінде келісу рәсімінен өтті.

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, СҚО Петропавл қаласының мәслихаты бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 4 пайыздан 2024 жылы алынған кірістер бойынша 3 пайызға төмендетуге шешім қабылдады”, – деді сессияда.

Сондай-ақ, кездесуде 2024 жылдың соңына қарай кәсіпкерлер палатасы мен СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек салықты төмендетудің тиімділігі туралы есептер ұсынуы тиіс екені атап өтілді.

Егер төмендеу тиімділікті көрсетпесе, онда бөлшек салық ставкасы бұрынғы пайызға, яғни 4-ке оралады. Егер облыс бюджеті төмендеуге байланысты ұлғаятын болса, онда депутаттар бөлшек салықты 3%-да қалдыруға дауыс береді.

Shares