Есіл ауданы Ильинка ауылында өрт болып, үш және тоғыз жастағы балалар қаза тапты
1 сәуір күні сағат 10:11-де 101 телефон нөміріне СҚО Есіл ауданы Ильинка ауылындағы жеке үйдегі өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2021 және 2015 жылы туған екі ұл баланың денесін тапты, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Өрт сағат 12:08-де СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен жойылды. Іспен он шақты маман, бірнеше арнайы техника мен “Ильинское” ЖШС өкілдері айналысты. Өрттің ауданы – 50 ш. м. Себеп пен залал анықталуда.
“СҚО ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және балалардың отпен ойнамау қажеттігі туралы ескертеді. Есіңізде болсын, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады”, – делінген хабарламада.