Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Есіл ауданында 15 млрд теңгеден астам сомаға 5 бірдей инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Есіл ауданында 15 млрд теңгеден астам сомаға 5 бірдей инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Алдағы 2 жылда Есіл ауданында жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асатын 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мысалы, “Атамекен-Агро-Корнеевка” ЖШС базасында 1500 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасын салу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны 11 млрд теңгеден асады. Жылына 7 500 тонна сүт өндіріледі. 50 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.  “Азия-Тораңғұл” ЖШС де артта қалмай, сүт фермасын салуда. Мал басы 800 сиырға аз болмақ. Дегенмен, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

“Явленское МТС” ЖШС 2022 жылы 300 га алаңды суару жүйесін енгізу арқылы құны 500 млн теңге болатын жобаны іске асырды. Жоспарда картоп пен көкөністерді өсіру үшін суару алаңдарын 1800 га дейін ұлғайту және 2000 тоннаға шақталған көкөніс қоймасын салу бар. Ағымдағы жылы суару алаңын тағы 150 гектарға ұлғайту бойынша қосымша жоба ұсынылды. Жобаның құны – 185 млн теңге. Ал “Рустикус” ЖШС 1500 басқа арналған қой фермасын салу жобасын іске асырды. Шаруашылықта 700 бас қой бар, қосымша 300 бас “Еділбай” тұқымды қой сатып алынды. Жобаның құны – 150 млн теңге. 8 жұмыс орны құрылды”, – деді Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.

2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға 13 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, деп толықтырды Есіл ауданының әкімі.

Shares