Ғабит Мүсірепов ауданында құрама жем зауыты іске қосылады
Мүсірепов ауданына сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты, деп хабарлайды QZ News.
Новоишимка ауылында құны 3,2 млрд теңге болатын жарма және үлпек өндіретін зауыт салынып жатыр. Бұл кәсіпорын 24 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Бұдан бөлек, ауданда 4,2 млрд теңге инвестиция құйылған құрама жем зауыты пайда болады. Бұл кәсіпорындар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді игеруге мүмкіндік береді.