Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов ҚХА мүшелерін “Көрісу” күнімен құттықтады

Ғауез Нұрмұхамбетов ҚХА мүшелерін “Көрісу” күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты этномәдени бірлестіктердің мүшелерін “Көрісу” күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Президенттің өзі басқаратын ҚХА жұмысының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелері әрқашан басымдыққа ие.

“СҚО, біздің бүкіл республикамыз сияқты көпұлтты. Бүгінде қоғамымыздың бірлігі, достығы бағытында ҚХА үлкен рөл атқарады. Сіздерге осы бірлік үшін, атқарып жатқан жұмыстар үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді және әрқайсыңызға зор денсаулық, амандық, сәттілік, отбасылық бақыт тілеймін. Біздің Қазақстанымыз, біздің Солтүстік Қазақстан облысымыз бірлік пен келісімде өмір сүрсін”, – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыста 28 этномәдени бірлестік бар. Олардың барлығы ортақ іске, атап айтқанда, біздің өңірде тұратын этностар арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосуда.

“Біздің Ассамблеяны тұрақты түрде қолдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл залда мүлдем басқаша болған еді. Газель сатып алынды, биыл біз облыстың барлық ауданына баратын боламыз. Биылғы жылы қолдау мен жобаларға 10 млн бөлінді. Түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деді СҚО КХА Кеңесі төрағасының Қоғамдық орынбасары Елена Семидоцкий.

“Көрісу” күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында дастархан жайылып, түрлі халықтарға қатысы бар заттар қойылған көрме де ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар тілектерімен алмасты, жоспарларымен бөлісті, одан әрі ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

 

Shares