2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Прибрежное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту үшін күштер әуе арқылы жеткізілді

Прибрежное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту үшін күштер әуе арқылы жеткізілді

April 30, 2025 14:17

Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылына ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан ТЖМ қызметкерлері, Шекара қызметінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен еріктілер жеткізілді, деп хабарлайды QZ News.

Сондай-ақ, тікұшақтың жүк бөлігінде бөгетті нығайтуға арналған материалдар тасымалданды. Қазіргі таңда ауылда қорғаныс құрылымдарын күшейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жалғасуда.

Shares