Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-ның үш негізгі проблемасын атады

Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-ның үш негізгі проблемасын атады

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің басты үш проблемасын атады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО басшысы атап өткендей, бірінші мәселе – жөндеуді қажет ететін электр желілері. Бүгінгі таңда “Севказэнерго” АҚ желілердің тозуы 95-96% құрайды, ал кейбір ауылдарда көрсеткіш 100% жеткен. Мәселені шешу үшін жергілікті билік аз жұмыс атқарған жоқ, деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

“Біз бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігі арқылы көтердік. “Ауыл бесігі” бағдарламасы бойынша электр желілерін жөндеу және одан әрі сенімгерлік басқаруға беру жайын қарайтын боламыз. Егер жыл сайын жауапты компаниямен бірге 4 млрд теңгеге дейінгі сомаға желілерді жөндейтін болсақ, онда 2027 жылға қарай тозуды азайтуға болады”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

СҚО әкімі өңірдегі жолдардың жай-күйін екінші проблемалық мәселе деп атады. Біздің облыс автожолдардың жалпы ұзындығы бойынша республикада екінші орын алады. Оларды ретке келтіру үшін көп уақыт қажет. Алайда, уақыт жетіспейді, деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов. Бізде қыс 214 күнге созылады. Сонымен қатар, тендерді немқұрайлы мердігерлер ұтатын кездер болады.

“Өкінішке қарай, конкурстарды жөнді жұмыс істеймін мердігерлер жеңеді. Біз олармен соттасуға мәжбүрміз, бұл бағалы кезеңді жоғалтуға әкеледі. Бірақ, өзекті мәселе күнделікті бақыланады. Менің ойымша, бұл мәселені де шешеміз”,- деп уәде берді әкім.

Соңғы мәселе – Солтүстік Қазақстан облысын газдандыру. Инвесторлар мен өңір тұрғындары үшін жағдай жасау қажет, деп атап өтті әкім. Ол үшін Петропавлға табиғи газды тарту керек. Бұл өтінішпен жергілікті билік Үкімет пен

Энергетика министрлігіне жүгінбек. Қазір газдандырудың бірнеше нұсқасы әзірленуде.

“Ауылда тұратындарға жағдай жасау, көші-қонды тоқтату, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін табиғи газды жеткізу керек. Аймақты табиғи газбен қамтамасыз етудің қолайлы нұсқаларының бірі – Омбыға тартылған ресейлік газ құбырына қосылу. Одан Петропавлға дейінгі қашықтық 156 шақырымды құрайды. Біз осындай бастамамен Үкіметке, Энергетика министрлігіне жүгінеміз”, – деді СҚО әкімі.

Shares