Италияндық инвестор Петропавлда азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды көздеп отыр
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов италияндық «PROSOL» компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесіп, перспективалы инвестжобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл компания қарашада «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы атанды. Шетелдік инвестор азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оны құрама жем өндірісінде және мал азығы рационында биоқоспа ретінде қолданады.
«Жаңа өнім біздің аграрлық аймақта үлкен сұранысқа ие болады. Жобаның инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. 40 жаңа жұмыс орны ашылады»,