М.Жұмабаев ауданында жұмыссыздар жұмыспен қамтылып, жекелеген салалардағы кадр тапшылығы жойылды
М.Жұмабаев ауданында жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 5,3%, 2023 жылы 5% құрады. Оны азайту мақсатында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 1603 адамды құрады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Тіркелген жұмыссыздар саны – 205 адам. Тұрақты жұмысқа 1224 адам орналастырылды. Жаңа 665 жұмыс орындары ашылды. Бұрын ашылған жұмыс орындарына 559 ауыл тұрғыны жұмысқа орналастырылды», – дейді М. Жұмабаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Ысқақова.
М.Жұмабаев ауданында 349 адам субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
«Жастар тәжірибесі аясында 50 жұмыс орны құрылды, буындық келісім-шарт бойынша – бір, күміс жас – 27, қоғамдық жұмыстар аясында – 230, бірінші жұмыс орны арқылы – 21, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы – 20. Ауданда 680 адам жұмысқа орналасты», – дейді Бақытжан Ысқақова.
Сондай-ақ М.Жұмабаев ауданына түрмеден шыққан он бір адам келген. Айтуынша, алты азамат өз бетінше жұмысқа тұрса, үш адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
«Ауданымызда пробация қызметінің есебінде 40 адам тұр. Мансап орталығына барлығы он үш адам жүгінді, оның ішінде үшеуі тұрақты жұмысқа (квота бойынша), бесеуі қоғамдық жұмыстарға, біреуі жастар тәжірибесімен орналасты. Біреуі кәсіптік оқуға, үшеуі біліктілікті арттыруға жіберілді. Жеті адам өз бетінше жұмысқа орналасты», – дейді М.Жұмабаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
М.Жұмабаев ауданында 36 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
«Әрбір он мың тұрғынға жүз жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша 2024 жылға 155 жұмыс орнын құру жоспарланса, нақты 172 жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына байланысты 103 жеке кәсіпкер, оның ішінде 14 жеке кәсіпкерде 39 жұмысшы бар. «Жастар Агро» ЖШС-де бес, «Чистовск» ауыл шаруашылығы өндірістік бірлестігінде екі, «Колос» шаруа қожалығында 23 адам жұмыс істейді», – деді Бақытжан Ысқақова.
2024 жылы М.Жұмабаев ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытудың арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болды. Сегіз сауда нысаны ашылды, оның ішінде Булаев қаласында бір ірі көтерме-бөлшек супермаркет, Лебяжі ауылында диірмен, брусчатка мен металл бұйымдарын шығаратын цех.
«Бүгінде денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында кадр тапшылығы байқалады. Мемлекеттік қызметке бос орындар бар, есепшілер аз», – дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Ысқақова.
Биылғы жылдың басынан бері Мағжан Жұмабаев ауданына үш дәрігер келді. Соңғы бес жылда сегіз жас маман келіп, 1,5 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін жәрдемақы алды. Аудан әкімдігінің қолдауының арқасында барлығына жайлы баспана, атап айтқанда алты пәтер берілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы екі дәрігер келеді деп жоспарланып отыр.